Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары түсті

Malim Админ

  • 31.12.2024

Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био бар. 

Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады. Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

04.01.2025

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

03.01.2025

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

03.01.2025

«Отставкаға кеткенімен, саяси сыпайылықты сақтай бермейтін». Тоқаев Назарбаевқа қатысты ойын білдірді

03.01.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

02.01.2025

Ішкі саясат. Өткен жыл несімен есте қалды?

31.12.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру маңызды екенін айтты

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

Бұл туралы президент Ana tili газетіне берген сұхбатында айтты

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

Президент депутаттарды жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлайтынын айтты

«Отставкаға кеткенімен, саяси сыпайылықты сақтай бермейтін». Тоқаев Назарбаевқа қатысты ойын білдірді

Президент бұл сөзін Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Ішкі саясат. Өткен жыл несімен есте қалды?

Жыл бойы қоғамдық маңызы зор бірқатар заң әзірленді және қабылданды