Қауіпті жерде жұмыс істейтіндер 55 жастан зейнетке шығуы керек

Malim Админ

  • 09.03.2023

Қазақстан Халық партиясының өкілдері «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті.  Еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы  таныстырылды.

– Біздің партия бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын назарда ұстайды. Өзекті мәселелерді Үкіметке жеткізіп қана қоймай, оның шешілуіне ықпал етеді. Жаңа Қазақстанға жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет, – деді партия мүшесі Балжан Досмұхамбетова.

Сөз арасында ол Денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерді де тілге тиек етті.

– Медицина саласында білікті маман тапшы. Халық Дамумедке тіркелу мен дәрігердің қабылдауына жазылуда кедергі көп екенін айтады. Ал МӘМС жобасы үмітті мүлде ақтамады, – деді ол.

Сондай-ақ спикер Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайтынын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыста істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару маңызды екенін жеткізді. – Бұл мәселенің шешімі бірнеше қиындықтың алдын алады. Атап айтқанда, кәсіби және басқа аурулардың, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың пайда болу қаупін азайтады, – деді партия өкілі.

Байланысты жаналықтар

Ертісбаев депутат болғысы келмейді   

30.01.2023

Ертісбаев келгелі... Жамбыл Ахметбеков те партиядан кетті   

25.01.2023

Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

03.05.2022
MalimBlocks
Ертісбаев депутат болғысы келмейді   

Түрлі жағдай орын алуы мүмкін екендігіне назар аудартты

Ертісбаев келгелі... Жамбыл Ахметбеков те партиядан кетті   

«Жаңа басшылықпен түсінісе алмадық»,-деді ол.

Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

Күнбағыс сияқты тірлік құру жеке азаматтық ұстанымға қиыспайтын жағдай