Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты

Сұлу Бөлек

  • 30.03.2025

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің Алматыда өткен бейресми кездесуі бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам болды", - деді ол.  

Бұл мемлекеттер басшыларының дәл осындай форматтағы алғашқы кездесуі емес. Президенттер 2023 жылы Шымкентте, ал 2024 жылы Хиуада бейресми жүздескен болатын.

Мұндай кездесулердің тұрақты түрде өтуі – президенттердің жоғары деңгейдегі өзара түсіністігі мен сенімі қалыптасқанын көрсетеді.

Алматыдағы келіссөз мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Аймақтық күн тәртібі де назардан тыс қалған жоқ.

Қандайда бір келісімдерге қол қою жоспарда болмаса да, президенттер жауапты вице-премьерлер мен министрлерге бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, тауар айналымын ұлғайту, көлік қатынастарын арттыру және өңірлер арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

"Біраз тапсырманың нақты мерзімдері белгіленді. Үкімет мүшелері мемлекеттер басшыларының келесі кездесуінде жүктелген міндеттердің нәтижесі жөнінде есеп беруге тиіс", - деп жазды ол.

Президенттердің Алматыдағы жұмыс сапарының бағдарламасы іс-шараға толы болды.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанның ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктеріне қызығушылық танытты. Өзбек елінің басшысы AlmatyFair.ai көрмесіндегі әр стендке аялдап, түрлі IT-шешімдердің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі сұрады. Өздеріңізге мәлім, еліміз GovTech және FinTech дамуы бойынша әлемдік көшбасшылардың санатына енеді. Астана өз тәжірибесін Ташкентпен бөлісуге дайын.

"Мемлекеттер басшылары белгілі суретшілер Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың көрмесін тамашалады. Бұл символдық мәнге ие оқиға болды.

Жалпы Орал Таңсықбаевтың өмір жолында біршама қызық деректер бар. Ол – Ташкентте дүниеге келген, этникалық қазақ. Өзбекстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Оның Өзбекстан музейлеріндегі туындылары Қазақстан жұртшылығына кең көлемде алғаш рет ұсынылып отыр. Осыдан біраз бұрын аталған көрмені Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева ашқан болатын. Бұдан біз халықтарымыздың мәдениеті ортақ екенін көреміз. Мұндай іс-шаралар сөзсіз жалғасуы керек", - деді ол. 

Шавкат Мирзиёевтің Алматыға жұмыс сапары мазмұнды әрі табысты болды. Өзара бірлескен жоспарлар, ең бастысы, екі ел президенттерінің ерік-жігері мен қолдауы бар.

Астана мен Ташкенттің тығыз байланысы тұтас Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынасты нығайту мен тұрақтылықты сақтаудың қозғаушы күшіне айналып үлгерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі жағдай елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өрбуіне байланысты деп айтқаны тегін емес.

Президенттердің дәстүрге айналған осындай бейресми кездесулері алдағы уақытта да шын мәніндегі бауырластық, достық және одақтастық сипаттағы қазақ-өзбек қатынастарының мән-мазмұнын байыта түсеріне сенімдімін.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті