«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

Мұхтар Мағауин тұңғыш президент жүргізген саясатты сынаған.

Сабина Асқарқызы

  • 03.02.2025

Журналист Жанар Байсеміз танымал жазушы Мұхтар Мағауиннен 2023 жылғы мамырда алған сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сұхбат барысында жазушы Нұрсұлтан Назарбаев президент болған тұста қандастарды қалай әбігерге салғаны туралы айтты.

Алдағы уақытта бірте-бірте барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Сырттан келген қазақтарға алдымен тоқтау болды. Арнайы жазуға уақыт болмай жүр. Осыған дейін де талай айттық. Назарбаевтың үкіметі, қойған адамдары талай адамды жексұрын қылды. «Келе беріңдер» дейді де, жүз түрлі бөгет ойлап тапты. Құжатын ала алмай жылдап жүреді. Болмайтын, қисыны жоқ құжат сұрады. Қытайдан сотталмаған жайлы құжат сұрады. Қытайда ондай бермейді. Осының барлығы қазақты келтірмеу үшін Назарбаевтың ойлап тапқаны. Қазақ көбеймеу керек, көтерсе, кеудесін көтеруі мүмкін, дейді ол.

Мұхтар Мағауин 80 жастан кейін саясат туралы айтпаймын деп сөз берген. Алайда үнсіз отыруға болмайтынын түсінген.

Кезінде де біраз айттық. Назарбаевтың үкіметі – қазақты құрту деп айттық. Есікті ашып қойды, ол ашық тұрса, ит те, мысық та кіреді. Толып жатқан діндердің консепциясы пайда болды. 30 жыл далаға кетті. Қазақ жағаласып отырып көбейді, дейді ол.

Фото: youtube.com/@janar_baisemiz/видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Олигарх Клебанов Қазақстанда қалай байыды?

19.02.2025

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

14.01.2025

Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

14.01.2025

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025

Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

13.01.2025

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты

13.01.2025
MalimBlocks
Олигарх Клебанов Қазақстанда қалай байыды?

Ол заңсыз жекешелендірген байлық мемлекетке қайта ма?

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

"Ол біздің мақтау түгілі жоқтауымызды керек қылмай, мұхиттың арғы жағында мәңгілікке маңдай тіреді" деді ол.

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты