Құлыбаев, Өтемұратов, Байтасовтар қырғыздардан шошып отыр

Malim Админ

  • 09.10.2020

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерлердің бизнесіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеп, осыған орай алаңдаушылық білдіретінін айтты.

“Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз. Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз», - делінген СІМ мәлімдемесінде.

Қырғызстанға ақша салып жүрген, қазіргі жағдайдан шошып отырған қазақстандықтар кімдер?

[caption id="attachment_8091" align="aligncenter" width="594"] В.Ким[/caption]

Kursiv.kz сайтының хабарлауынша, соңғы жылдары Қырғызстандағы қазақстандық капиталдың иелері тізімін Форбстың әлемдік 500 рейтингіне кірген алғашқы қазақстандық миллиардер Владимир КИМ бастап тұр.

Ол Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Бозымчак мыс кен орнында өндіріс жұмыстарын жүргізіп жатқан KAZ Minerals PLC акцияларының 33,4%-ына иелік етеді (бұл кен орнында 2019 жылы 1,08 миллион тонна кен өндірілді, 7,3 мың тонна мыс және 41 мың унция алтын өндірілген).

Қазіргі жағдайға байланысты Бозымшақ кен орнында барлық жұмыс тоқтатылған.

[caption id="attachment_8092" align="aligncenter" width="654"] Б.Өтемұратов[/caption]

Қырғызстандағы капиталына қауіп төніп тұрған тағы бір қазақстандық олигарх – Болат ӨТЕМҰРАТОВ. Ол Қырғызстанда бірнеше бағыт бойынша акцияларға иелік етеді. Оған Sky Mobile LLC (Қырғызстандағы Beeline байланыс операторы) мен "Южно-Киргизский Цемент" ЖАҚ-ның 49,9%-ы тиесілі.

[caption id="attachment_8093" align="aligncenter" width="530"] А.Байтасов[/caption]

Бұдан кейін Forbes Kazakhstan тізіміне енген Арманжан БАЙТАСОВ қырғызстандық NBT телеарнасының иесі.

[caption id="attachment_8094" align="aligncenter" width="628"] Қ.Мәжібаев[/caption]

Қазақстанда өндірілген сусындардың дистрибьюторы "RG Brands Kyrgyzstan" компаниясы. Оның иесі Қайрат МӘЖІБАЕВ.

[caption id="attachment_8095" align="aligncenter" width="554"] Э.Ким[/caption]

Қырғызстан астанасы Бішкекте төрт бірдей технодом дүкені бар Technodom Оperator АҚ-ның иесі миллионер Эдуард КИМ де Қырғызстанға инвестиция салған Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі.

[caption id="attachment_8097" align="aligncenter" width="561"] Тимур мен Динара Құлыбаевтар[/caption]

Қырғызстанның қаржы нарығындағы ықпалды ойыншылардың бірі қазақстандық миллиардер ҚҰЛЫБАЕВТАР отбасы. Тимур мен Динара Құлыбаевтардың меншігіндегі "Қазақстан Халық Банкінің" Қырғызстандағы еншілес компаниясын - "Halyk Bank Kyrgyzstan" ААҚ-ын ашқан, толықтай иелік етеді.

[caption id="attachment_8098" align="aligncenter" width="567"] Ғ.Есенов[/caption]

Қырғыздың қаржы нарығындағы тағы бір олигарх Қазақстандағы АТФ Банктің иесі Ғалымжан ЕСЕНОВ. Ол «Қырғыз Оптима Банкінің» 97,14 пайыз акциясының иесі.

Қырғызстанның қаржы нарығына орасан ақша құйып отырған екі олигарх-банкир Тимур ҚҰЛЫБАЕВ Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ; Ал, Ғалымжан Есенов – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Ахмежан ЕСІМОВТІҢ күйеу баласы. Басқа-басқа, қырғыздар көрші елдегі ықпалды адамдардың күйеу балаларын ренжіте қоймас деп сенеміз...

Егер Қырғызстандағы бейберекетсіздік жалғаса берсе, Қазақстан тарапынан ең алдымен осы аталған олигархтар зардап шегуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Қырғызстандағы Парламент сайлауынан кейін басталған наразылық шеруі әлі де басылмай тұр. Осы уаққа дейін Қырғыз президентінің де қайда жүргені белгісіз.

ҰҚК төрағасы Кәрім МӘСІМОВ Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары – Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушы Өмірбек СУВАНАЛИЕВПЕН телефон арқылы сөйлесіп, Қырғызстандағы жағдайды талқылаған. Талқылауда қазақстандық олигархтардың бизнесін қорғау туралы да айтылған шығар деп үміттенеміз.

Айта кету керек, Қазақстан Қырғызстанға инвестиция салатын елдердің ішінде алдыңғы орындарда тұр. Тіпті, биылғы жарты жыл ішінде салған инвестициясы көлемі жағынан Түркиядан да жоғары тұр. Қазіргі көрсеткіш бойынша, Қытайдан келген инветиция 51,6 млн АҚШ доллары болса, екінші орында Нидерланды 30,1 млн доллар, ал Қазақстан 20,6 млн доллар салған. Ал, Ресейдің Қырғызстан экономикасына салған инвестициясы былтыр және биыл бірнеше есеге құлдырап кеткен.

Байланысты жаналықтар

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді

28.02.2025

Жамбыл облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

28.02.2025

Қырғызстан Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін көрсетуге тыйым салды

21.02.2025
MalimBlocks
Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Танымал блогер 17 жастағы жігітті қағып өлтірді

Оқиға Қырғызстанда болған

Жамбыл облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

Қырғызстанға 102 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

Қырғызстан Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін көрсетуге тыйым салды

Кинода түрмеде жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Саян туралы айтылады