Қырғызда қаралы күн, Тәжікстан туралы ақпарат аз

Екі ел арасындағы 1000 шықырымға жуық шекара әлі дұрыс бекітілмеген. Соның салдарынан бұған дейін де бірнеше қақтығыс болған. Бірақ, қос тарап әлі күнге ортақ келісімге келе алмай жүр.

  • 19.09.2022
Қақтығыста қаза болған Қырғыз жауынгерлерін жерлеу рәсімі, 18 қыркүйек, 2022 жыл

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан арасындағы әскери қақтығыс тоқтады дегенмен, ол жақта әлі атыс болып жатқаны туралы мәлімет шығып жатыр. Кеше ғана Тәжікстан мен Қырғыз бір бірін «әскери агрессия жасады» деп айыптады. Кешегі мәліметке қарағанда, екі жақтан да қаза болған адамдар саны арта түскен.

Қырғыз денсаулық сақтау министрлігі тағы да 13 адамның қаза болғанын, олардың денесі Баткен ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Нәтижесінде, Қырғыз тарапы 59 адам жоғалтқан. Осыған орай Қырғыз республикасы бүгінгі күнді – 19 қыркүйекті қаралы күн деп жариялады.

Жалпы, соңғы мәлімет бойынша, Қырғызда 144 адам жараланып, ауруханада жатыр. 140 мың адам қақтығыс аймағынан көшірілген. Қазір Тәжікстанның Қырғызстанға басып кіргені жөнінде ақпараттар айтылып жатыр. Себебі, қақтығыстар мен өрттердің, жарылыстардың Қырғыз территориясында өтіп жатыр және Қырғыз тарапы қақтығыс аймағында төтенше жағдай жариялады, азаматтарын эвокуациялады. Облыстағы шекара маңындағы 7 ауыл түп көтеріле көшіп кеткен.

Оқи отырыңыз: «Мен пәкпін»: Тәжікстанда қалыңдықты қалай «тексереді»?

Кеше Тәжікстан да мәлімдеме жасады. Елдің сыртқы істер министрлігі Тәжікстаннан 32 адам қаза боғанын хабарлады. Және олардың көбі бейбіт тұрғындар дейді. Жалпы, ресми ақпарат азайтылып көрсетілген болуы мүмкін деген болжамдар да бар.

Оқи отырыңыз: Тәжікстан мен Армения ҰҚШҰ-дан көмек сұраса Қазақстан әскер жібере ме?

14 қыркүйекте екі ел арасында басталған қақтығыс кейіннен бірнеше облысты шарпыған. Алдымен Исфара (Тәжікстан) ауданы мен Баткен (Қырғызстан) облысы арасында басталған қақтығыс көп өтпей Қырғызстанның Ош облысына дейін созылды. Жалпы, бұл қырғыз-тәжік арасындағы алғашқы қақтығыс емес, екі елдің шекарасы осы уақытқа дейін нақты белгіленбегендіктен және кей аймақтарда су мәселесі күрделі болғандықтан, екі ел азаматтары жиі шекісіп қалады. Жаппай тәртіпсіздік, екі ел азаматтары арасындағы жаппай төбелес бұған дейін де бірнеше мәрте болып, екі тараптан да кісі өлімдері тіркелген.

Қазіргі уақытта Қырғыздың Баткен облысында төтенше жағдай жарияланған. Екі елдің арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 970 шақырымды құрайтынын ескерсек, бұл төтенше жағдай ұзаққа созылып кетуі де мүмкін деген болжамдар бар.

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

06.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін

30.04.2025

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

09.04.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды