Қытай зерттеушілері: Орталық Азия елдері суды ысырап етіп, жерді тиімсіз пайдаланып отыр

Malim Админ

  • 28.04.2021

Жақында Қытай зерттеушілері Орталық Азия елдері ауыл шаруашылығында су және жер ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланатынын есептеп зерттеу жүргізді. Зерттеуді Қытайдың жаратылыстану ғылымдарының ұлттық қоры, Қытайдың маңызды зерттеулерінің ұлттық жоспары, былайша айтқанда, аспанасты елінің саясатын айқындаушылар қаржыландырған. Зерттеушілер Орталық Азия елдері суды жұмсауға келгенде ысырапшыл, бейберекет, өте көп жұмсайды деген қорытынды жасаған.

Зерттеуді Қытайдағы Northwest A&F университетінің ғалымы Илинь Лю, оның әріптестері Ла Чжуоэ мен П.Ву, Финляндиядағы Aalto университеті сужәәне даму зерттеу тобының мүшесі Олли Варис және тағы басқа ғалымдар жүргізді.

Орталық Азия – әлемдегі су тапшылығын тартып отырған аймақтардың бірі. Арал теңізін ауыл шаруашылығы саласында кезінде  оңды-солды пайдаланудың кесірінен теңіз тартылып қалды. Соған қарамастан Орталық Азия елдері суды ысырап етуді қояр емес.

Зерттеуге қарағанда, Тәжікстан балапан өсіру үшін 61 есе көп су жұмсайды, ал Түрікменстан мақта өсіру үшін 42 есе артық су құртады. Орталық Азия елдері бидай өсіру үшін суды ысырап ететіні бөлек әңгіме. 

Зерттеу мәні мынаған келіп саяды: Орталық Азия шаруалары белгілі бір тауар өндіру үшін жұмсайтын су көлемі өте көп, Қытай дәл осындай тауарды өндіру үшін анағұрлым аз су жұмсар еді. "Орталық Азия елдері су ресурстарының 90 пайызын суды көп қажет ететін дәнді дақылдарды суаруға пайдаланады. Бұл экожүйенің деградациясына әкеп соқтырады, жергілікті су қауіпсіздігі мен биоалуантүрлілікке қатер төндіреді. Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылық жерлері Қытай аумағының 57 пайызына, ал халқы Қытай халқының небәрі 5 пайызына тең".

Қытай зерттеушілері арнайы әдістеме қолданып, Орталық Азия елдерінің жер мен суды қаншалықты тиімді пайдаланып отырғанын есептеп шықты. Бұл есептеу су мен жердің бір бірлігінен алынатын өнім көлемі өте төмен, оның себебі ауыл шаруашылығындағы жер мен суды тиімсіз, ысыраппен қолдану екенін көрсетті. Қытай зерттеушілері Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Қытай алынатын астық көлемі анағұрлым жоғары деген қорытынды жасайды. "Астық өнімділігі белгілі бір климат пен жерде  іс жүзінде алынған астық пен алуға болатын астық айырмасы. Орталық Азиядағы астық өнімділігі қол жеткізуге болатын көрсеткіштің жартысынан төмен екенін көрсетеді. Тәжікстандағы бидай мен мақта қол жеткізуге болатын 95 пайыз өнімділіктің небәрі 30 және 49 пайызына тең. Ал Қытайда мақта мен бидайдың қол жеткізуге болатын 95 пайыз өнімділіктің 79-80 пайызына тең.

Зерттеушілер Орталық Азиядағы жер мен су ресурсын пайдалану үшін мынандай екі сценарийді қарастырады. Бірінші сценарий бойынша, 2014 жылғы өнім көлемі сол қалпында қалса, біра жақсы тұқым, ауыл шаруашылық технологиялар қолданылса,  тура сол дәнді дақылдарды өсірее отырып судың 56 пайызын үемдеуге болады. Бұл Орталық Азия елдері су ресурстарының жартысын ысырап қылып отыр деген сөз.

Екінші сценарий бойынша, Орталық Азия елдері қазіргі су көлемін пайдаланса, қанша өнім алуға болатынын есептейді. Қазіргі технологиялардың арқасында осынша суды жұмсасаң, екі есе көп дәнді дақыл алуға болады. Бұл сценарий бойынша әсіресе Қазақстан ең көп өнім ала алар еді. Орталық Азия елдері қосымша 387 миллион адамды асырай алар еді.

Зертетушілер Орталық Азия кейбір дәнді дақылдарды өсіруге қолайлы емес дейді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласындағы басқаруды жақсартудың көмегі тиер еді. "Үкімет жерді тиімді пайдалану, мысалы, мақтаны шөлейтті жерді өсіруді қысқарту тәрізді амалдарды қарастырған жөн", - дейді зерттеушілер.

Ал енді Қытай зерттеушілері шенеуніктердің ақшасына бұл зерттеуді не үшін жүргізді дерсіз? Қытай Орталық Азияны өз еліне азық-түлік тасымалдайтын бірден-бір көз ретінде көреді. Географиялық жағынан Қытайға тиіп тұрған азық-түлік өнімдерін өндіруші ресурстарды неліктен сонша тиімсіз жұмсап отыр деп сұрақ қояды. Мысалы, Қазақстан ауыл шаруашылығы 54 миллиард текше метр су жұмсайды. Оның басым бөлігі бидайды суаруға қолданылады. Бірақ Балқаш көліне бұдан екі есе аз су құяды.

 

Байланысты жаналықтар

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

30.04.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы да жер сілкінді

22.04.2025

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025

Роботтар алғаш рет адамдармен бірге марафон жүгіріп өтті

19.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025
MalimBlocks
Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы да жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген

Роботтар алғаш рет адамдармен бірге марафон жүгіріп өтті

Қытай астанасы Бейжіңде өткен жартылай марафонда роботтар алғаш рет адамдармен қатар 21 шақырымды жүгіріп өтті

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты