Ресей СІМ өкілі: «Қазақстандағы орыстілділер қысым көріп жатыр»
Ресей сырты істер министрлігі өкілі Мария Захарова кеше Қазақстандағы орыс тілділердің қысым көріп жатқанын мәлімдепті. ТАСС ақпарат агенттігі ресми өкілдің арнайы брифингте айтқан сөзін сөзбе сөз былай беріпті: «Ресей Орталық Азияның бірқатар елдерінде орыс тілділердің қысым көріп жатқанын анықтады және мұндай жағдайлардың болмауына шаралар қарастырады. Бізге интернетте шыққан өткендегі материалдар, Қазақстан мен Қырғызстандағы жағдайлар белгілі. Ол жағдайлар Ресей қоғамын дүрліктірді. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар бірінші рет болып жатқан жоқ. Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтан мен Бішкектегі біздің елшілік айтылған эксцесстерге (мақсатсыз істелген, мойындалған қылмыстарға) уақытында жауап қатты. Мен бұл жерде публика алдындағы реакцияны ғана емес, нақты жүргізілген істерді айтып отырмын».
Оның сөзінше, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан мен Қырғыстандағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен әңгімеде осы елдердегі орыс тілді тұрғындарға көрсетіліп жатқан түрлі қысымдарды тоқтату мәселесі қозғалған.
Ресей билігі соңғы уақыттары Қазақстан мен Қырғызстаннан тіл дауын іздеп әлекке түсуде. Олардың мақсаттары не? Қолға алған «орыс тілін құтқару жорығын» Ресейдің ішінде, Қазақстан мен Қырғызстанда қалай жүргізіп жатыр? Осы сұрақтардың жауабын іздеп, Malim.kz редакциясы арнайы мақала дайындап жатыр, көп кешікпей жариялаймыз.
фото: ТАСС ақпарат агенттігінен
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды