Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдің 300 миллирд доллары Украинаның дамуына жұмсалуы мүмкін

Саясат
Ресейдің 300 миллирд доллары Украинаның дамуына жұмсалуы мүмкін

БҰҰ есебі бойынша алты миллионнан астам украиндықтар әлі де шетелде. Олардың екі миллионға жуығы туған жеріне қайтқысы келеді. Ұйымның мәліметінше, қазірдің өзінде 350 мыңға жуық адам туған жеріне оралған, бірақ үйлеріне қайта алмай, босқын мәртебесінде жүр.

Елге оралғандардың қазіргі толқыны шетелде тұрақты жұмыс пен баспана таба алмағандар немесе жақын туыстарын тастап кетіп соларға қарайлап қайтқандар. Украинаның экономика министрлігі экономикаға серпін беру үшін алдағы 10 жылда төрт жарым миллион жұмыс орнын ашпақ.

Батыс елдері Украина экономикасын қалпына келтіру үшін өздерінде бұғатталған ресейлік активтерді пайдалануға болады деп есептейді. Сол үшін Еуроодақ Киевке 300 миллиард долларды аудару схемасын ойластырып жатыр. Бірақ әзірге қаражатты тәркілеудің заңды тетігі табылған жоқ.

Ресей президенті Еуроодақтағы бұғатталған активтерді Украинаны қолдау үшін пайдалануға шешім қабылдаса, мұндай қадамды ұрлық деп санайтынын және халықаралық сауда ережелері мен нормаларын бұзу деп атады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу