Сабақтастық: Қазақстан адам құқығын қорғауда елбасының бағытынан ауытқымайды

Malim Админ

  • 23.02.2021

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Қазақстан алдағы уақытта да Нұрсұлтан Назарбаевтың жол бойынша адам құқықығын қорғай беретінін" айтты.

22 ақпанда басталған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-шы отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеме жасады. СІМ сайтының хабарлауынша, онда министр Қазақстандағы адам құқығы мәселесін айта келе:

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі тұңғыш президент - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды сақтауға арналған бағыты болып қала беретінін атап» өткен.

Бұдан бөлек, ведомства басшысы сессияға қатысушыларға ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар пакеті мен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жөнінде айтқан.

Бірақ Мұхтар Тілеуберді 11 ақпанда Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты қабылдаған қарары жөнінде бір ауыз сөз айтпаған.

Оқи отырыңыз: Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды

Естеріңізде болса, осы айдың ортасында Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы саяси жағдайды сынап, санкция салуды ұсынып, арнайы резолюция қабылдаған. Онда олар елде тәуелсіз ұйымдар, оппозициялық партиялар және саяси белеснділерді қудалау күшейгенін айтып, «Нұр-Сұлтан тергеу изоляторында  жұмбақ жағдайда қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділ мен кісі қолынан көз жұмған оның ұлы Жанболат Ағаділдің қазасы әділ, ашық қаралмай жатқанын» мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

08.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Казақстан «алтын виза» бағдарламасын іске қосады

30.04.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Казақстан «алтын виза» бағдарламасын іске қосады