"Сайлау нәтижесінде мәжіліс құрамы  жаңаруы тиіс"

Malim Админ

  • 21.10.2020

Сарапшылар бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған кезекті парламент сайлауына қатысты пікір білдіріп жатыр.

Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы 2004 жылдан бері алғаш рет өз мерзімінде өткелі жатыр. Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев қазіргі шақырылымдағы парламент қауқарсыз әрі өз Конституциялық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмағандығымен халықты жалықтырып, елді шаршатып жіберді дейді. Сондықтан келесі шақырылымдағы парламентке халықтың сөзін сөйлейтін, үкіметті сұрақтың астына алып, жіті бақылайтын депутаттар келеді деп үміттенеді. "Ең әуелі парламент күшеюі керек. Күшеюі үшін Мәжіліс құрамы жаңаруы тиіс. Пандемия кезінде біз бүгінгі депутаттардың үкімет жіберген қателіктерді біле тұра тиісті жауапқа тарта алмағанын анық көрдік. Алдағы сайлауда халықтың сөзін сөйлейтін, үкіметті сұрақтың астына алып, жіті бақылайтын депутаттар келеді деп сенгім келеді. Солай болуы тиіс! Бұл уақыт талабы. Бұрынғыдай айына бір рет телеарнаға шығып қойып, жылы кабинетте отыратын заман өтіп кетті. Бүгінгі күннің талабы мен сұранысы басқа", - дейді ол.

Б.Серікбаев ол үшін депутаттар халықтың даусы үшін күресіп үйренуі керек дейді.  "Өркениетті елдерде депутаттар әр сайлаушының даусы үшін барын салады. Заң шығару процесінде дебатқа түсіп, жаға жыртысуға дейін барады. Біздің Парламент депутаттары қалың ұйқыда жатқанын үнемі көз көріп келді. Бұл билікке деген ел сеніміне селтеу түсірді. Алдағы сайлауда халықтың сөзін айтар мықты тұлғалар Парламентке өтуі тиіс. Қоғам бүгінгі депутаттарды белсенді де білікті тұлғалардың алмастырғанын қалайды. Парламент қабырғасында биліктің кемшілігін басып айтар, халықтың даусын естіртер кесек тұлғалардың келуіне ел мүдделі", - дейді ол.

Ал саясаттанушы Ерлан Саиров парламент сайлауының Конституциядағы мерзімде сай тағайындалуы қоғамдық-саяси процестердің болжамдық деңгейін арттырады дейді.

"Алдағы сайлау нәтижесінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың қатары 30-пайыздық квотаның аясында жастар және ханымдармен толықтырылдатыны белгілі.  "Nur Otan" партиясы өткізген праймериздің қорытындыларына сүйенсек, жастар мен ханымдардың саны мәслихаттарда 50-пайыздан асатындығы көрініп тұр. Осы аспект, аудан, облыс деңгейде жастардың саны көбейіп, аймақтық дәрежеде қоғамдық-саяси процессте жаңа леп пайда болатындығын көрсетіп отыр. Бізде "саяси реформалар тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүруі тиіс" деген жаңсақ пікір бар. Ал негізінде, саяси реформалар аймақтарда жүруі тиіс.  Ол үшін жергілікті мәслихаттар жаңарып тұруы керек, сол органдарға принципті позициясы бар, әкімдерге өзінің ойын ашық айта алатын, қоғамдық күш-жігері мол азаматтар мен азаматшалар келуі тиіс. Бұған алғышарт жасалды", - дейді Е.Саиров.

Ал президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бөлім жетекшісі Алуа Жолдыбалина бұл сайлаудың басты бірінші рет партиялық тізімді қалыптастырудағы 30 пайыздық квота ережесі жүзеге асырылады дейді. " Сондай-ақ, егер осыған дейін өткен сайлауларда маслихат депутаттарын бір мандатты округтер бойынша сайласа, ендігі кезекте, ең алғашқы рет партиялық тізім бойынша өтеді, яғни облыстық, қалалық, аудандық маслихаттардың депутаттарының барлығы партиялық тізім бойынша сайланады. Бұл принцип партиялардың өзара бәсекелестігін, аймақтарда маслихат жұмысының әрі қарай белсене түсіп, партиялардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Егер осыған дейін партиялар көбіне орталық деңгейде көбірек жұмыс атқарса, бүгіннен бастап аймақтардағы жұмысын арттыруы тиіс. Сонымен қатар, партиялар сайлауалды кампаниясында, аймақтық деңгейде өз жұмысын белсенді сипатқа негіздеп, аймақтардағы өзекті мәселелерді және халықтың негізгі талап-тілектерін түбегейлі талдап, оларды шешуде өз жұмысын көрсете алады, яғни, партия жұмысында аймақтық компонент артады деген сөз", - дейді сарапшы.

Оның үстіне парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының бір мерзімде өтуі ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кететініні, бірқатар елдер карантинге қарамастан, парламенттік сайлауды өткізуде. "Ең алғашқылардың бірі – Оңтүстік Корея болатын. Сондай-ақ, парламенттік сайлау 21 маусымда Сербияда, 4 қазанда Қырғызстанда, 11 қазанда Литвада карантин тәртібінде өтті. 31 қазанда Грузияда да парламенттік сайлау өтеді. Сонымен қатар, 13 қыркүйекте Ресей Бірыңғай дауыс беру күнін өткізген болатын", - дейді А.Жолдыбалина.

 

 

Байланысты жаналықтар

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

22.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2024

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

21.10.2024

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

18.10.2024

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024
MalimBlocks
Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр