Саясаткер Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды

Ол кеше  ауруханаға түскен еді

Malim Админ

  • 18.05.2023

74 жасында оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин ауыр науқастан көз жұмды. Ол кеше  ауруханаға түскен еді.  

Қоғам белсенділері Бибігүл Жоламанова мен Арман Иманжановтың айтуына қарағанда, Жасарал Қуанышәлинді  кеше  сағат 12.00 кезінде жедел жәрдем ауруханаға әкеткен. Саясаткер  Алматыдағы қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.