Саясаттанушы: Кәсібиліктің орнын арандатушылық басып барады
Сарапшы маманның айтуынша, үкіметте фейс-бақылау енгізу керек
Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты туралы пікір білдіріп, журналистердің әрекетін сынға алды. Бұл туралы ол өзінің телеграм арнасында жазды.
«Негізі, Министрлер өткір сұрақтарға жауап бере білуі керек, өз ұстанымдарын дәлелдей алуға тиіс, полемикалық ұстанымда болуы керек. Екінші жағынан, отставкаға кету, немесе «сұрақтардан қашу» туралы арандатушы жағдайлар жаныңды қынжылтады. Ақпараттық картина өзінің діттеген жеріне жетпейді, шынымен қызықты және қажетті тақырыптар туралы бәрі ұмытып кетеді»,-деді ол.
Сарапшы маман ақпараттық кеңістікте кәсібиліктің орнына арандатушылық шығып бара жатқанына қынжылыс білдірді.
«Бүгін Роман Скляр кезекті дөрекі «шабуылға» лайықты жауап қайтарды. Шынын айтсақ, үкіметте фейс-бақылау енгізу керек секілді. Жақында ғана президентіміз әкімдердің ізіне түсіп алатын блогерлердің әрекетін сынға алған еді (ал ол бопсалау жағдайларын қозғаған жоқ). Бізде расымен медиа-саланың стандарттары ұмытылып кетті. Сараптама, кәсіби шеберліктің орнына арандатушылық, жанжал, есерсоқтық алға шықты - бұл жердегі сөз тіпті идеологиялық көзқарас туралы емес, жеке көзқарас жөнінде болып тұр»,-деп жазды Д.Әшімбаев.
Фото: Данияр Әшімбаев/Facebook