Сот шешімі: Ана өліміне кінәлі дәрігер босатылады

Оқиғаның  мерзімі өтіп кетуіне байланысты Тілешов қылмыстық жауапкершіліктен құтылған.

Malim Админ

  • 29.04.2022

Батыс Қазақстан облысында ана мен бала өліміне кінәлі дәрігер жазаға тартылмады. 


Күні кеше Жаңақала аудандық соты анестезиолог-дәрігер Жарқын Тілешовке қатысты сот үкімін шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 317-бабында көзделген «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша кінәлі деп танылған. Алайда, болған оқиға мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Тілешов қылмыстық жауапкершіліктен құтылған. 

Сотталушы дәрігер жәбірленуші сұраған 150 млн-ды емес, 6 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал 5 млн материалдық өтемақыны қысқарып, 920 мың теңгеге азайтқан.  

Сот үкімі заңды күшіне енбегендіктен, зардап шегуші Ғалымжан Сағынғали бізге хабарласып шарасының жоқтығын жеткізді. «Бұл жерде сыбайластықтың барын байқадым. Талабымды орындату үшін төрт жыл жүгірдім. Іс осы уақытқа дейін созылды.  Қарсы тарап республикалық сараптама орталығымен келіспей құжатты Алматыға жіберген болатын. Ол құжат Алматыда 11 ай жатты. Соның төрт айында жай ғана концелярияда қаңсып жатыпты. Сараптамадан өткізіп жіберудің орнына әдейі мерзімді созды. Ақыры дегендеріне жетті дейді шағымданушы. 

Оның айтуынша, Жаңақала ауданының Ішкі істер бөлімі, ішкі істер департаменті, прокуратурасының ісінде дұрыстық жоқ.  Өздерінің атына кір келтірмеу үшін келісімді түрде осындай әрекетке барып отыр» дейді ол. 

 Ана мен бала өліміне қатысты Тілешовпен бірге күдікке ілінген 6 дәрігерге де шара қолданылмаған. Анестезиологтың өзі төрт жыл дегенде ғана күдікті деп саналды. Олардың теріс әрекеттері тайға таңба басқандай сараптамалық нәтижеде анықталған.

«Республикалық медициналық сараптама көрсеткендей, қателіктері әшкереленсе де сотқа бармады» дейді марқұмның күйеуі. Ол кінәлілерді сотқа беруінің себебін мұндай масқаралықтың екінші мәрте қайталанбауын ойлағандықтан екенін айтады.  

Жалған құжат жасау, әйелінің атынан қол қою әрекеті де прокуратура мен тергеушілердің назарынан тыс қалды.  Тергеушілер әдейі созбалаққа салып осыған жеткізді деп күйінеді Ғ.Сағынғали.  Жәбірленуші «Өтірік құжат жасау, қол қою ісін өлген адамның артынан сотқа жетпей қысқартып тастады.  Негізі бұл екі іс те бірігіп сотқа баруы керек еді. Себебі, екеуі де бір күнде болған жағдай. Бұл тұста жауапкершіліктен құтылу дерегі тұр» деген пікірде ол.  

Ғ.Сағынғали Бас прокуратураға да төрт жылдан бері хабарласып келемін дейді. Алайда, шырқыраған дауысы бас жаққа жетпей бергі жақтан қайтады екен. Астанаға барып кірісейін десем, үйдегі төрт баламды кім қарайды деп отыр. Бәрінен шаршадым, бірақ мұндай қателік тағы қайталанбас үшін күресті тоқтатпаймын дейді арызданушы.

Айта кетейік, 2018 жылы батысқазақстандық Бибінұр Нығметова дәрігерлердің ағаттығынан сәбиімен бірге операция үстелінде көз жұмған еді. Ол жүктіліктің соңғы кезеңінде жағдайы нашарлап ауруханаға түсті. Дәрігерлердің кесарь тілігін жасаймыз деген шешіміне Бибінұр келісім бермеген. Ақырында аяғы ауыр келіншек баласымен бірге қаза тапты.

Байланысты жаналықтар

Оралда шорт-трек шеберлері жыртық матраста жаттығып жүр

12.07.2023

Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

15.05.2023

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

04.05.2023

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

27.04.2023

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

20.04.2023
MalimBlocks
Оралда шорт-трек шеберлері жыртық матраста жаттығып жүр

Орал қаласында шорт-трек шеберлері  шұрық-тесігі шыққан матраста жаттығуға мәжбүр. Төсеніштер 20 жылдан бері ауыстырылмаған, әбден тозған.

Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

Көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

Аталған сот ел арасында "аруақтар соты" деген атаумен сынға ұшырады

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

Ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Билікті күшпен басып алу айыбы тағылған

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

Аталған іс бойынша ертең алдын ала тыңдалым өтпек