Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талибаннан сескенген Өзбекстан ауған әскерилерін депортациялауға мәжбүр

Саясат
Талибаннан сескенген Өзбекстан ауған әскерилерін депортациялауға мәжбүр

Өзбекстан қашып келген Ауғанстан әскерилерін депортациялауға мәжбүр.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Өзбекстан билігі АҚШ-ты тез арада қашып келген Ауғанстан ұшқыштарын үшінші елдерге алып кету мәселесін қарастыруға шақырған. Келіссөздер басысында ресми Ташкент ауған әскерилеріне байланысты Талибан қозғалысымен қарым-қатынасын қиындатқысы келмейтінін жеткізген.

Бұған дейін БАҚ-та Өзбекстанның Ауғанстаннан 150 босқынды қабылдағаны жөнінде ақпарат тараған. Бұдан бөлек, Өзбекстанға қашып барған 650 ауған ұшқышы ковид орталыққа орналастырылған.

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарғалы бері Орталық Азияда босқындар мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Осыдан біраз уақыт бұрын Ақ үйдің Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан билігінен АҚШ пен НАТО әскерімен бірге жұмыс істеген 9 мың ауғанстандықты уақытша қабылдауды сұрағандығы жөнінде ақпарат тараған.

Фото: ianed.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу