Тәліптер қыз балаларға тағы бір тыйым енгізді

Халықаралық қауымдастық "тәліптер уәделерін бұзды" деп есептейді.

  • 21.12.2022
Тәлибан қозғалысының өкілі студенттермен сөйлесіп тұр. Кабул университетінің маңы, 2022 жыл ақпан / Фото: reuters.com

Талибандар билікке келгелі Ауғанстан азаматтары, әсіресе, әйел жыныстыларға көптеген шектеулер енгізіп жатыр. Тележүргізушілерге хиджап киюді міндеттеген Ауғанстанның жаңа үкіметі көп ұзамай қыз-келіншектердің спортпен айналысуына, тырнақ, шаш бояп, кірпік жалғап, қас жұлуға дейін мәселе көтеріп, тыйым енгізе бастаған. Енді, тәліптер қыз балалардың университетте оқуына шектеу қойып жатыр.

Reuters агенттігінің жазуынша, тәліптер үкіметінің білім министрлігі Ауғанстанда мемлекеттік университеттер де, жекеменшік университеттер де қыз балаларды оқытпауға тиіс.  

Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз болып, АҚШ пен Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшіліктері мәлімдеме жасап, әлем елдерін тәліптер үкіметін мойындамас бұрын, оларға әйелдер құқығын сақтау туралы талап қоюға шақырды.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Роберт Вуд:

«Талибан барлық ауған азаматының құқықтарын, әсіресе адам құқығы мен қыз-келіншектердің құқықтарын құрметтемейінше халықаралық қауымдастықтың заңды мүшесі бола алмайды», - деді.

Бұған қатысты Қырғыз Республикасының экс-президенті, БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы Роза Отунбаева да пікір білдіріпті. Ол:

«Билік де-факто халықаралық қауымдастықтардың алаңдаушылық білдірген ескертпелерін елемеуді жалғастырып, қыз балаларды мектепке жібермейінше, біз тығырыққа тіреле береміз», - деді ол.

Отунбаева бұдан бұрын да Ауғанстандағы мектептердің жабылуына қатысты пікір білдіріп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Тәліптер үкіметінің арасындағы жағдайды ушықтырғанын, бірақ, ол ауған халқына да, тіпті, тәліптерге де аса бір әсер етпегенін айтқан.

Қазір халықаралық қауымдастық тәліптердің Ауғанстан билігін қолына аларда берген уәдесін орындамады дегенді жиі айта бастады. Тәліптер былтыр ғана ЖОО-ларда ерлер мен әйелдерді бөлек оқыту туралы ереже енгізіп (жынысына қарай әр апта сайын кезектесіп оқу), киім киюге қатысты қатаң шектеулер енгізген.

Байланысты жаналықтар

«Ол шіркеуді де бомбалауға дайын!» – «Рождествошыл» Путиннің әрекетіне әлем не дейді?

06.01.2023

Ресей БҰҰ мүшелігінен шыға ма? Сарапшылар жауап берді

07.04.2022

Буча мәселесін БҰҰ қарау керек - Әшімбаев

07.04.2022

БҰҰ Ресейге қарсы резолюция қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

03.03.2022

АҚШ пен Өзбекстан келісімге келді

13.09.2021

"Орталық Азия елдері АҚШ әскерін орналастыруға келіскен сәтте нысанаға айналады"

25.08.2021
MalimBlocks
«Ол шіркеуді де бомбалауға дайын!» – «Рождествошыл» Путиннің әрекетіне әлем не дейді?

Құдайшыл бола қалған Путин және әлем

Ресей БҰҰ мүшелігінен шыға ма? Сарапшылар жауап берді

Қазақстан Ресейді БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мүшелігінен шығаруды қолдамайды

Буча мәселесін БҰҰ қарау керек - Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинаның Буча қаласынан Ресей әскері кеткеннен кейінгі жағдай туралы БҰҰ жанынан комиссия құру керегін айтты.

БҰҰ Ресейге қарсы резолюция қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинадағы басқыншылығын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін резолюция қабылдады.

АҚШ пен Өзбекстан келісімге келді

"Орталық Азия елдері АҚШ әскерін орналастыруға келіскен сәтте нысанаға айналады"