Тергеуге кедергі келтіргендер істі болды

Елнұр Бақытқызы

  • 29.12.2020

Денсаулық сақтау министрлігі  экс-шенеуніктерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар денсаулық сақтау министрлігі бұрынғы жетекшілігінің ісін тергеуге кедергі келтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

"Қаржы мониторингі комитеті 23 желтоқсан күні денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары мен өзге тұлғалардың үстінен тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 407-бабы 3-бөлімі) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл тұлғалар қылмыстық процестің қатысушылары болмаса да, денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жетекшілерінің қылмыстық ісі бойынша тергеу барысы мен нәтижесі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты заңсыз жинау, беру мен тарату арқылы тергеуге араласты деген күдікке ілінді", - делінген қаржы мониторингі комитетінің хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу бойынша өзге мәлімет жария етілмейді.

Қазанның 31-і күні бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Қарашаның 3-і күні Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметі  Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады. Біртановқа тергеу соты қамауда ұстау бұлтарптау шарасын қолданған. Алайда кейін кейін экс-министр үйқамаққа ауыстырылды.

Елжан Біртанов елде коронавирус індеті өршіген тұста отставкаға кеткен. Одан бұрын ол өзі де кронавирус жұқтырып, ауруханада емделген. Өзінің отставкасын Біртанов емделу қажеттігімен түсіндірді.

25 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей Цойды тағайындаған болатын.

Бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін «СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

29.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

18.08.2024

Мүгедектікті белгілеу бойынша 52 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

05.08.2024
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

Дегенмен қауіпті елдерге баратындарға сақтық жолдарын ұсынды

Мүгедектікті белгілеу бойынша 52 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.