Тоқаев: 3 миллион адамға жәрдемақы беріледі

Malim Админ

  • 31.03.2020

Республикалық арналардан халыққа мәлімдеме жолдаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік жәрдемақы өсетінін мәлімдеді.

"Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым.Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алушылардың тізімі кеңейіп, көмекті 3 миллион адам алатынын мәлімдеді. "Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.", - деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, шағын және орта бизнес өкілдері осы жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады. Бұл сауда, қонақ үй, туризм, көлік қызметі және т.б. салаларды қамтымақ.

Ал ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердерге қолдау ретінде 70 миллиард теңге бөлінбек.

Тоқаев бұған дейінгі мәлімдемесінде 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны 1,5 миллион адамға берілетінін айтқан. Естеріңізде болса, Malim.kz сайты мұның сыртында зейнетақы қорына жарна аудармайтын, салық төлемейтін көлеңкелі жұмыс істейтін 1,4 миллион адам бұл жәрдемақыға іліне алмай, сырт қалатынын талдап жазған.  Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесінде "енді көмек 3 миллион адамға беріледі" дегеніне  қарағанда, билік бұл сыннан сабақ алып, жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейткен.

Оқи отырыңыз: "Бір жарым миллион ақщасыз қазақ нан-тұзсыз қалуы мүмкін"

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

25.04.2025

Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Тоқаев

24.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

23.04.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

23.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

Ассамблея тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды — Тоқаев

Президент Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе беріліп, ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналғанын айтты

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Тоқаев Үндістандағы лаңкестік әрекетті айыптады

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады