Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Сұлу Бөлек

  • 28.04.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

Негізгі көрсеткіштер
 Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
 ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңге болған.
 ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Басты жобалар

Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар.
Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Қонаев және Алатау қалаларының дамуы

  • - Облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр.
  • - Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.

Білім саласы

  •  - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған.
  • - Үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Президенттің тапсырмалары:

  • - Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.
  • - Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысын іске асыруға баса мән беруді тапсырды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады