Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Арман Қайыпхан

  • 10.04.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиді қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Асхат Жұмағали Президентке Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады. Ақорда жазғандай, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген. Соның ішінде: 

  • 257 лауазымды тұлға әшкереленді, олардың 141-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
  • сотқа 366 қылмыстық іс жіберілді;
  • мемлекет пайдасына 15 млрд теңге өтелген;
  • 2022 жылдан бастап жалпы сомасы 1,13 трлн теңге болатын активтер қайтарылған;
  • мемлекеттік сатып алу мен қаржының мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу барысында 21,2 млрд теңге үнемделген.

«Заң және тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 3 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 450 мыңнан астам азамат қатысқан», - деп хабарлайды Ақорда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асып жатыр. Агенттік еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының Академиялық адалдық лигасымен жұмысты қолға алды. Халықаралық ынтымақтастық саласында ЭЫДҰ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобымен тығыз ықпалдастық бар. Агенттік Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығымен берік байланыс орнатқан және биылғы ақпан айында аталған ұйымның Атқару комитеті құрамына кірді.

Сыбайлас жемқорлық индексі бойынша былтыр Transparency international сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан 40 балға ие болып, 180 елдің арасында 88-орынға тұрақтады.

«Президент Антикор басшысына еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды одан әрі жалғастыру, тамыр жайған қылмыстық тізбектің жолын кесу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді», - деп жазады Ақорда.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған