Тоқаев Джорджа Мелониге шапан сыйлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Джорджа Мелониге шапан сыйлады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Италия премьерінің шапан киген суреті Президенттің баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жарияланды.
"Джорджа Мелони қазақтың қонақжай дәстүріне сай жоғары деңгейде қарсы алынды", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Ақордада кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Фото: Ақорда

Самое читаемое
