Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Сұлу Бөлек

  • 16.04.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
Заң шығару жұмысы

  • Сессия басталғалы бері:
    • 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған;
    •  Президент 55 заңға қол қойған.

Олар қатарында: Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.

Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес:

  • Салық, Құрылыс кодекстері;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 Мәжіліс төрағасы:

  • жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады;

 

  • депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келе жатқанын айтты.

AMANAT партиясының жобалары
Мемлекет басшысына:

  •  «Қарызсыз қоғам»,
  •  «Ауыл аманаты»,
  •  «Жер аманаты»,
  •  «Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.

Парламентаралық байланыс

  • Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды:
  • Мәжіліс делегациясы Ташкентте өткен 150-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына қатысты;

 ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, ТМД парламентаралық ассамблеясы және басқа да бағыттағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде белсенді жүргізіліп жатыр.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады