Тоқаев: Орысша атауларды жаппай өзгертіп жатқанымыз жоқ

Malim Админ

  • 03.06.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында Қазақстанда ұлттық азшылық ұғымы жоқ, орыс халқын диаспора деп атаудан аулақ болған жөн депті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ақпарат құралдарының ішінен осы күнге дейін тек "Айқын", "Егемен Қазақстан" республикалық басылымдары мен Информбюро порталына ғана эксклюзивті сұхбат берген. Тоқаев  қазақстандық тілшілерге камера алдында емен-жарқын видеосұхбат берген емес. Есесіне, президент бірқатар шетелдік және ресейлік ақпарат құралына сұхбат беріп тастаған. Бұл жолы Тоқаевтың сұхбаты "Комсомольская правда" басылымында жарық көрді.

"Комсомолканың" тілшісі елдегі орыс халқының құқықтары мен жай-күйі жайлы Тоқаевқа бірнеше сұрақ қойған. Орыстардың құқығынан басталған әңгіме Қырым және латын қарпіне көшумен аяқталған.

"Қазақстанда қанша орыс халқының қанша өкілі тұрады және олардың құқығы қаншалықты қорғалған?" деген сұраққа Қ.Тоқаев былай деп жауап берген: "...Қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамастан, өзін бір ұлт, бір халық деп есептейді. Қазақстанда "ұлттық азшылық" ұғымы жоқ. Қазақстанда 3,5 миллион орыс тұрады, бұл халықтың жалпы санындағы үлесі – 19 пайыз. Елде тұрып жатқан орыстар халқымыздың бір бөлігі, олар барлық құқықты бірдей пайдаланады".

Қ.Тоқаев сұхбатта орыс халқының өкілдерін "диаспора" деп атауға болмайтынын жеткізді.

"Жақында шетелдік сараптамалық материалдардың бірінде "Қазақстандағы орыс диаспорасы" деген анықтаманы байқадым. Біздің сарапшылар мен идеологтарға  шынайы ахуалға түбегейлі қайшы келетін мұндай сөздерді еш уақытта пайдаланбау керектігін ескерттім. Орыстар – халқымыздың бөлігі, олардың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі шексіз және ұмытылмайды".

Қазақстандағы орыстардың жағдайын қазбалай түскен "Комсомолканың" журналисі "Тілшіміз Дмитрий Стешин бір жыл бұрын Қазақстанды аралап, орыс азаматтарымен тілдесіпті. Олардың көпшілігі елдімекендердің атаулары жиі ауысып жатқанын, билік органдарына славян халқы өкілдерінің орналасуы қиын екенін айтыпты" деген уәж келтіреді.

"Атауларды жаппай ауыстырып жатқанымыз жоқ" деген  Қасым-Жомарт бірқатар елдімекен мен көшелерге байырғы атаулар қайтарылып жатқанын айтыпты. "Халық арасында танымал емес және совет дәуірін бейнелейтін атаулар, мәселен, "Тепловозная" немесе "Приканальная" алынып жатыр.

Билік орыс атауларын толығымен алып тастауды мақсат етіп жатқан жоқ. Жақында Қарағандыда көшелерге  Григорий Потанин, Александр Затаевич  есімдері берілді. Мемлекеттік қызметке барғысы келетіндерге дискриминация бар дегенмен келіспеймін. Славян, тағы басқа этностардың өкілдері үкіметте, парламентте, мәслихатта бар... Конституция бойынша, орыс тілі мемлекеттік органдарда ресми қолданылады".

"Комсомолка" тілшісі "Қазақстандағы орыс халқының өкілдері негізінен солтүстік және шығыс аймақтарда топтасқанын" айта келе,  әлдебір сарапшылардың "Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийі қайталануы мүмкін"  деген "болжамын" алға тартып, Тоқаевтың тамырын басып көріпті.

Бұған Тоқаев: "Мұндай жалған сарапшылар болжамының негізі жоқ. Бұл елдегі ахуалды шайқалтып, мемлекеттеріміз арасындағы достық, тату-тәтті қарым-қатынасты бұзуға бағытталған. Мұндай болжамды жамандық тілейтін кәсіби емес адамдар ғана айтады", - деп жауап берген.

Журналист ендігі жерде тақырыпты латын қарпіне ауыстырып, Ресей мен Қазақстанның көпжылдық ортақ тарих пен мәдени-рухани жақындығын ескерсек, кирилл қарпінен латын қарпіне көшу Ресей алаңдаушылығын тудыратынын алға тартты.

Тоқаев бұған ә дегеннен бұл бірінші президент Назарбаевтың рухани жаңғыру аясындағы бастамасы болғанын айтып ақталғандай болыпты. "Бірінші президент латын қарпіне көшу тек қазақ тіліне қатысты, орыс тіліне бұл әсер етпейтінін бірнеше мәрте айтты", – депті Тоқаев.

"Әлемдік ақпараттық кеңестік жаңа технологиялардың арқасында қатты өзгеріп жатыр. Ақпарат ағыны латын қарпіне негіделгендіктен, балаларымызға жаңа жағдайға бейімделуге тура келеді. Қазақ алфавитін жаңарту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндігін кеңейту ниетінен туындады. Сөйте тұра латын қарпіне біртіндеп көшеміз, Орталық Азия елдерінің тәжірибесі ескеріледі. Бұл жерде кирилл қарпінен латын қарпіне өту туралы ғана емес, қазақ тілі орфографиясының реформасы туралы сөз болып отыр", – дейді президент.

Фото: acca.media

Материалды көшіріп басуға болмайды

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

22.07.2024

Тоқаев екі заңға өзгеріс енгізді

18.07.2024

Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді

16.07.2024

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

16.07.2024

Олжас Бектенов қазақстандықтарды газбен жабдықтауда сапалы қызмет көрсетуді тапсырды

16.07.2024

Мажарстан мен Албаниядағы Қазақстан елшілері тағайындалды

16.07.2024
MalimBlocks
АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

Оның мұндай қадамға баруына президент Джо Байденнің додаға қатысудан бас тартуы себеп болған. Бұл туралы NBC News хабарлады.

Тоқаев екі заңға өзгеріс енгізді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді

Министрлік Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дайындаған.

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді.

Олжас Бектенов қазақстандықтарды газбен жабдықтауда сапалы қызмет көрсетуді тапсырды

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықтың 60%-ына немесе шамамен 12 млн адамға газ қолжетімді.

Мажарстан мен Албаниядағы Қазақстан елшілері тағайындалды

Бұл туралы Ақордадан мәлім етті.