Тоқаев пен Зеленскийдің сөйлесуіне Украина бастамашы болған

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақниет Аманжолқызы

  • 03.03.2022

      Бүгін президент Тоқаев өзінің туиттердегі парақшасында екі ел президенттерімен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Алдымен ол Путинмен байланысқан, артынша Зеленскиймен сөйлескен. Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефонмен сөйлесуге Зеленский өтініш айтқан.

     Тоқаев екі ел басшыларын өзара келісімге келіп, шиеленісті бейбіт түрде шешуге шақырған. Оған қоса, Путинмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты талқылап, Зеленскиймен гуманитарлық салада келісімге келген.

     Ресей президенті Владимир Путин Украинаға тиесілі «сепаратистік» мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындап, кейін оларға қауіп төніп тұр деген желеумен Украина қалаларын бомбалап, әскери «іс-қимылдар» бастаған. Бұл әрекетті ресми Киевпен әлемнің көптеген елдері «соғыс» деп атады. Қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр. Әзірге Қазақстан билігі бұл жағдайға қатысты түсінікті мәлімдеме жасаған жоқ.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті