Тоқаев Қазақстанда салынып жатқан жаңа мегаполис туралы айтты

Мың шаршы километрге жуық аумақ Арнайы экономикалық аймақ режимінде дамиды.

Malim Админ

  • 23.05.2024

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға жасаған мемлекеттік сапары кезінде инвесторларға жаңа мегаполис туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сингапурға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің бизнес форумына қатысты. Сол жерде президент Қазақстанда мүлде жаңа әрі интеграцияланған мегаполис салу бастамасын таныстырды.

Бұл жоба болашақта "Орталық Азиядағы Сингапурға" әрі халықаралық жетекші бизнес-хабқа айналуды көздейді. Осы мақсатқа бөлінген мың шаршы километрге жуық аумақ Арнайы экономикалық аймақ режимінде дамиды. Сингапурлық Surbana Jurong компаниясы аталған жобаның кешенді жоспарын әзірлегенін ерекше атап өткім келеді. Форум аяқталған соң, барлық мүдделі тараппен осы мәселені талқыламақпын. Сингапур бизнесі келешегі зор бұл бастамаға белсенді атсалысады деп үміттенемін, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Сингапур географиялық жағынан алшақ орналасқанына қарамастан, саяси және экономикалық тұрғыда сенімді серіктес елдер болып қала береді.

Еске салсақ, Алатау қаласы Алматы облысындағы Жетіген ауылының негізінде құрылды. Жаңа қала Алматыдан 45 шақырым шалғай жерде орналасқан. Онда ерекше құқықтық режим енгізу жоспарланып отыр. Ал бас жоспарына 8,6 трлн теңге инвестиция салынады. Алатауға бірқатар елді мекендерді қосқаннан кейін қаланың аумағы 88 мың гектарға жетеді.

Фото: pkzsk.info

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді