Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Саясат
Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА сөгіс жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ фейсбук парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», - деп хабарлады Берік Уәли.

Фото: akorda.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу