Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президентін қабылдады

Арман Қайыпхан

  • 04.10.2024

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Судьяларының IX съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) президенті Луис Пальмамен кездесті.

Жүздесуде Қазақстандағы сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Президент елімізде сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Луис Пальма сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызды екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Сот әкімшілігінің IACA-мен өзара ықпалдастығы аталған саланы жаңа деңгейге көтеріп, сапасын арттыра түсетініне сенім білдірді.

Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесін басқару сегментіндегі жаңа өзгерістерді жоғары бағалап, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының басқа мүшелері біздің еліміздің тәжірибесін зерделеуі қажет екенін айтты. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдаған еді.

Қазақстан Республикасы Судьяларының IX съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) президенті Франческо Депаскуалемен кездесіп, сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты.

Президент Ұйым сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Қазақстан тарапы құқық қорғау механизмдерінің озық тәжірибесін отандық сот жүйесіне енгізуге айрықша мән беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады