Тоқтар Әубәкіров ковид жұқтырды, дәрігерлер жеті күн бойы ем жасамаған

Елнұр Бақытқызы

  • 24.08.2021

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров  коронавирус жұқтырды, жеті күн бойы үйде ауырған Әубәкіровке дәрігерлер ешқандай ем жазып бермеген. Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Тоқтар Әубәкіровке хабарласқанымда, ковид жұқтырғанын білдім. Ол жеті күннен бері ауырып жатыр. Президенттің іс басқармасы ауруханасына тіркелген. Осы уақытқа дейін дәрігерлер тек қан анализін алған, басқа ештеңе істемеді. Тоқтар Әубәкіров телефон арқылы былай деді: "Қазір үйдемін. Ештеңе жазып бермейді. Ең болмаса қалай емделетінін айтпай ма! Ештеңе айтпайды. Бірде-бір сұрағыма тұщымды жауап алмадым. Бүгін баспасөз мәслихатын өткіземін дегенде ғана қимылдай бастады. Қазір жедел жәрдем келе жатыр. Қазір қандай да бір ковид ауруханасына әкететін шығар".

Бұл жазбаны жазып жатқанда "жедел жәрдем" Тоқтар Оңғарбайұлының үйіне жақындап қалған. Оған кейін хабарласамын деп уағдаластық", - деп жазады Жұмабике Жүнісова.

 

Толықтыру. ҚазТАГ ақпарат агенттігі ҚР президентінің іс басқармасы меициналық орталығы ауруханасының директоры Валерий Бенберинге сілтеме жасай отырып, Тоқтар Әубәкіровтің Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық орталыққа жатқызылғанын хабарлады. Оның жағдайы орташа.

"24 тамызда науқаспен әңгімелесуден кейін ол орташа дәрежедегі COVID-19, екіжақты пневмония диагнозымен  Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталыққа жатқызылды.  Науқас вакцина салдырған. Екінші компонентті 17 сәуірде алған", - деді Бенберин ҚазТАГ ақпарат агенттігіне.

Байланысты жаналықтар

Кабулда Қазақстанның сауда үйі ашылуы мүмкін

22.04.2025

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

22.04.2025

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

21.04.2025

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

21.04.2025

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовты күтіп алды

21.04.2025

Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? - депутат министрге шүйлікті

21.04.2025
MalimBlocks
Кабулда Қазақстанның сауда үйі ашылуы мүмкін

Көмекті тапсыру рәсімі премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Кабулға сапары барысында өтті

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді,

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовты күтіп алды

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? - депутат министрге шүйлікті

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен заң бұзған жеке сот орындаушылары неге әлі жұмыс істеп жатқанын түсіндіруді талап етті