Трамп президенттігі бүлікпен аяқталды

Елнұр Бақытқызы

  • 07.01.2021

АҚШ саясаткерлері конгреске басып кірген наразы топтың әрекеті үшін президент Дональд Трампты кінәлап жатыр.  Трампты айыптаған республикашыл сенатор Митт Ромни президент наразы топты арандатып, оның арты демократияға жасалған шабуылға ұласты деді. Ал экс-президент Барак Обама Капитолийге басып кірген Трамп жақтастарының әрекетіне тікелей президент жауапты екенін айтып, бұл "АҚШ масқара болған күн" ретінде тарихта қалатынын жеткізді.

Президент арандатушыға айналды

Трампты жақтайтын наразы топ конгреске басып кірген соң, алты сағаттан кейін полиция оларды ығыстырды. Ашулы топ Капитолийге басып кіргенде президент сайлауының нәтижесін куәландыратын бірлескен жиын өтіп жатқан.  Жиын тоқтатылып, полиция наразыларды шығарғаннан кейін қайта жалғасты.

Конгресс аумағындағы қақтығыс нәтижесінде 4 адам қаза тапты. 52 адам ұсталды.

Жақтастарына үндеу тастаған президент Дональд Трамп бастапқыда оларды бейбіт наразылыққа шақырды. Бірақ конгрестен кетіңдер демеді. "Капитолий мен тәртіп сақтайтын күштерді қолдаңыздар. Наразылық бейбіт болсын", - деп жазды Трамп өзінің Twitter аккаунтында.

Сол аралықта Twitter Дональд Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттап тастады және оның соңғы үш твитін жойды.Twitter Трамптың соңғы жазбалары әлеуметтік желінің азаматтық адалдық саясатына қайшы екенін мәлімдеді.

[caption id="attachment_11289" align="alignleft" width="1200"] Will Oliver / EPA /[/caption]

3 қараша күнгі президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден бұл оқиғаны "бүлік" деп атады. Мәлімдеме жасаған Байден Трампты жақтастарының әрекетін айыптауға шақырып, наразыларды экстремистер деп атады.

"Сайланған билікке қауіп төндіру – наразылық емес. Бұл – бүлік. Бүкіл әлем мұны бақылап отыр. Басқа американдықтар тәрізді мен де көп уақыт бойы демократия үміті мен шамшырағы  болған ұлттың қараңғы түнекке тап болғаны жаныма батты", - деді Джо Байден.

Трамптың партияласы, сенатор Митт Ромни билікті бейбіт жолмен беру кезінде Трамп өз жақтастарын "демократияға шабуыл жасауға шақырып азғырды" деп айыптады.

"Біз бүгін менменшіл адамның қорланған намысы мен жақтастарының наразылығы үшін жиналдық. Ол жақтастарына соңғы екі ай бойы жалған ақпарат таратып, бүгін таңертең әрекетке көшті. Бүгін осы жерде болған нәрсе АҚШ президенті арандатқан көтеріліс", - деді Митт Ромни. Ол заңды, демократиялы сайлау нәтижесіне қарсы шыққандар демократияға шабуыл жасаушылардың жақтастары ретінде тарихта қалатынын айтты. "Американ тарихындағы осы бір ұятты процестегі олардың рөлдері есте қалатын болады".

Экс-президент Барак Обама да бұл оқиғаны "үлкен масқара" деп атады. "Бүгін Капитолийда болған қатыгездік пен легитимді сайлау нәтижесі туралы өтірік айтқан қазіргі президенттің арандатушылық әрекеті тарихта бүкіл ұлтқа келген үлкен ұят пен масқара сәт ретінде жазылып қалады",  деп жазады Обама Twitter аккаунтында.

 

Обама бұл күтпеген оқиға емес, республикашылдар мен олардың ықпалындағы ақпарат құралдарының әрекетінің нәтижесі деп сынады. "Соңғы екі ай бойы саяси партия мен онымен одақтас ақпарат құралдары оқырмандарға бұл таласатындай сайлау емес және сайланған президент Байден инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді деген шындықты айтқысы келмеді", - деді ол.

Полиция наразыларды таратқан соң кешкі сегізде конгресте қайта жиналған шақта вице-президент Майк Пенс: "Капитолийде бүгін хаос жасағандар, сендер жеңіске жетпедіңдер", - деп қайырды.

[caption id="attachment_11291" align="aligncenter" width="590"] Julio Cortez / AP[/caption]

[caption id="attachment_11293" align="aligncenter" width="590"] Win McNamee / Getty Images[/caption]

"Үйлеріңе қайтыңдар"

Жақтастары мен қарсыластарының айыптауынан кейін Доналдьд Трамп наразы топқа видеоүндеу жасап, үйлеріне қайтуға шақырды. CNN осы мәлімдеменің өзінде Трамп сайлау нәтижесі ұрланды деген орынсыз ренішін бәрібір қайталағанын келтіреді.

"Нәтижесі бізден ұрланған сайлау өтті. Бұл айқын басымдықпен жеңіске жеткен сайлау болды. Оны бәрі, әсіресе екінші тарап біледі. Бірақ үйге қайтуларың керек. Біз бейбітшілікті құрметтеуіміз керек", - деді ол.

[caption id="attachment_11294" align="alignleft" width="300"] AP Photo/Jacquelyn Martin[/caption]

Бас-аяғы бір минуттық бейнероликте Трамп Капитолийге  күшпен басып кіріп, оның бөлмесінен заттарды ұрлап, заңшығарушы палаталарда суретке түскен топты мақтайды, сайлаудың бұрмаланғанын тағы бір қайталайды.

"Біз сіздерді жақсы көреміз. Сіздер өте ерекшесіздер", - деді Трамп.

АҚШ басылымдары Трамп жақтастарын үйге қайтуға шақырған үндеуінің өзінде өтірік айтуды жалғастырып, одан сайын арандатқанын жазып жатыр. "Бұл Трамп өзі арандатқан тәртіпсіздіктің бетін қайтарудың болмашы әрекеті", - деп жазады CNN.

Трамп жақтастары жаппай тәртіпсіздікті тоқтатуға шақырды. Оның ішінде өзінің қызы Иванка Трамп та бар. Бірақ конгреске басып кірген топты "патриоттар" деген твитін Иванка артынша өшіріп тастады. Трамптың өзі зорлық-зомбылықты дер кезінде тоқтатудың орнына Ақ үйдің жанында жиналған жақтастарына олармен бірге Капитолий ғимаратына баратынын мәлімдеді. Тек өз партияластары мен саясаткерлер сынына қалған соң ғана "сайлау әділетсіз өтті, бірақ үйге тараңдар деген сарындағы" мәлімдеме жасады.

Демократтар партиясының 19 өкілі вице-президент Пенске хат жазып, Трамп өкілетін мерзімінен бұрын кетіруге шақырды. Құжатты конгресмен Дэвид Чиччилин өзінің Twitter аккаунтында жариялады. Конгресмендер хатта Трамп демократияны қорғауға және өз міндетін орындауға құлықсыздыққ танытқанын жазады. Олар Пенсті конституциядағы 25-түзетуге сүйеніп, Трампты қызметінен шеттетуге үндейді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

08.11.2024

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

07.11.2024

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

20.10.2024

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

25.09.2024

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

23.09.2024
MalimBlocks
Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

«Ол, менің ойымша, ерлерге тән батылдық көрсетті, – деді Путин Сочидегі «Валдый» клубының отырысында. – Осы сәтті пайдаланып, оны АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтағым келеді».

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Сайлауға небәрі екі аптадан астам уақыт қалды

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

Ол өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

Жексенбі күні АҚШ-тың бұрынғы президенті және биылғы кандидат Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңілісе, одан кейін президенттікке үміткер болмайтынын айтты.