Түркиядағы қазақстандық: Зілзаладан жүрегіміз шайлығып қалды

Бірдеңе деп айтудың өзі ауыр.  Түс кезінде көмек орталығына барғанымда он шақты ғана дорба жиналған еді. Кейін сағат 17.00-де соққан кезде кептеліс болып жатты...

Олжас Қасым

  • 10.02.2023

Түркиядағы алапат жер сілкінісі қазақстандықтарды да бей-жай қалдырған жоқ. Оның себебі, ең алдымен, қиындықта қол созар бауырмалдық болса, екіншіден, апат аймағында отандастарымыз да аз емес. Ол жақта қиындыққа ұшырағандардан бөлек, еріктілер де қызмет көрсетіп жүр. Сондай кейіпкерлерімізбен сұхбаттасуға тырыстық.

Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алған.  Түркияның кемінде 10 ірі қаласы зардап шекті, ең аз дегенде 1700 үй қираған. Алапат апатқа байланысты  Түркияда 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды.  Malim.kz тілшісі сол жақтағы жерлестерімізбен сөйлесіп, хал-жағдайын білді.     

Жадыра Асанқызы:  «Газиантепті тастап, Анкараға кетіп барамын»

Мен Газиантеп қаласында тұрамын. Аяқ астынан орын алған зілзаладан жүрегіміз шайлығып қалды. 6 ақпан күні таңғы және түскі уақытта  магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңында, 10 шақырым тереңдікте болған.  Қауіп сейілмеген соң, заттарымыз бен бір қабат киімімізді алып кетіп барамыз. Бүгін Газиантептен Анкараға жолға шықтық. Кеше түнгі уақытта арнайы біз үшін дайындалған  жатақханаларда қондық. Кейбір таныстарымыз мешітті паналауға мәжбүр болды. Тамақпен, киіммен, басқа да керекті жабдықтармен  қамтамасыз етіп жатыр. Енді Анкараға барып есімізді жиып алсақ деп отырмыз. Кеше таңға жуық тағы да жер сілкінді. Алайда ол алдындағыдай қорқынышты болған жоқ.  

Қаланың басқа да тұрғындары жақындарының үйіне бас сауғалап кетті.  Бұл жерде миллиондаған халық бар. Олар жатақханаларда, шатырларға уақытша қоныстанды.  Өте қиын, шок алып қалған азаматтар аз емес. Қаншама адам далада қалды. Үйіндінің астында қалып, жан тапсырғандар саны азаяр емес. Тіпті көмек көрсетіп үлгермей жатыр. Жолдасым сол жақта халыққа көмектесу үшін  қалып қойды.              

Сағыныш Назар, ерікті:  «Азық-түлік керек емес, жақындарымызды құтқарыңдар» дегендер көп»

Түркияда жағдай өте қиын болып тұр. Қаза тапқандар саны күн сайын көбейіп жатыр.  Қазір мен Анкара қаласындамын. Сағат күндізгі 12 жарымнан бастап сыртқа шығып, әкімдікке хабарласып, қай жерде көмек жиналып жатқанын біліп, еріктілер ретінде жәрдемдесіп жатырмыз. Керек-жарақ заттарды алып тиісті орынға табыстадық. Осы жаңа ғана үйге кіріп жатырмын. Газиантеп, Кахраманмараш, Адыяман қалаларына гуманитарлық көмек жөнелтілуде. Бірақ, ол жердегі азаматтар «бізде ішіп-жейтін азық-түлік, киім-кешек бар» дейді. Тек көлік қана керек, сонымен келіп құтқару жұмыстарын жүргізсеңіздер деген өтініш жасауда.  Себебі, бірі ата-анасынан, енді бірі баласын таппай аңырап қалған.  Көрген боларсыздар, бір түрік бауырымыз үйінді астында қалған баласының қолын ұстап, содан ғана жұбаныш тауып, ес-ақылынан ажырап мең-зең күйге түскен. Бірдеңе деп айтудың өзі ауыр.  Түс кезінде көмек орталығына барғанымда он шақты ғана дорба жиналған еді. Кейін сағат 17.00-де соққан кезде кептеліс болып жатты. Бір кісімен сөйлесіп қалдым. Ол бір өзі 300-ге жуық аяқ-киім алып келіпті.  Кеше Анкарада сағат 4.30-дың кезінде тағы жер сілкінісі байқалды. Түркия әлем елдерінен көмек күтіп отыр. Анкарада отырып біз уайымдап қалдық, себебі ғалымдар зілзала жалғасуы мүмкін деген ақпарат айтқан-ды. Қазір Анкараға қатты қауіп төніп тұрған жоқ деген хабарлама оқып, аздап көңіл-күй орнына түсті.

Фото: anadoluagency

Байланысты жаналықтар

Bek Air ұшағы апатының тергеуі неге 5 жылға созылғаны белгілі болды

05.02.2025

Қостанай облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

05.02.2025

Түркиядағы қазақ студентін жеті түркиялық ұрып-соғып, тонап кетті

03.02.2025

Еліміздің әскери қызметшілері Түркияға аттанды

01.02.2025

АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады

01.02.2025

Келген қонаққа төрін бермеген Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сынға қалды

24.01.2025
MalimBlocks
Bek Air ұшағы апатының тергеуі неге 5 жылға созылғаны белгілі болды

Қостанай облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Түркиядағы қазақ студентін жеті түркиялық ұрып-соғып, тонап кетті

Оның айтуынша, түркиялық қазақ бауырлар жағдайды әлеуметтік желіде таратқаннан кейін ғана кері байланысқа шыққан.

Еліміздің әскери қызметшілері Түркияға аттанды

АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады

Келген қонаққа төрін бермеген Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сынға қалды

Желі қолданушылары "Нойс" атымен танымал Нұржан Иманәлиевтің әрекетін сынаған