Украина билігі: Қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындар бар

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестовичтің мәлімдемесіне сәйкес, Ресей әуе күштері соққысының нәтижесінде 40-тан астам украин солдаты қаза тапты, ондаған адам жараланған.
Украина билігінің айтуынша, бейбіт тұрғындар арасында он адам қаза болған.
Бұған дейін "Медиазона" Одесса облысында әскери бөлімге шабуыл жасалған кезде алты адамның қаза тапқанын, Мариупольде атқылаудың салдарынан бір адам опат болғанын хабарлады. Херсон облысында үш шекарашы қаза тапты. Харьков облысында атқылау кезінде бір үй өртеніп, бір бала қаза болған, жараланғандар да бар.
Әлеуметтік желіде Киевтен 7 шақырым жерде орналасқан Гостомель әуежайына әуеден көп соққы жасалғаны туралы видеолар тарады. Сондай видеолардың бірінде аэродромға жиырмаға жуық ресейлік тікұшақтың әуеден соққы жасағаны көрінеді.
Бүгін өткен брифингіде Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас тоқтағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бейсенбі күні таңертең РФ президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ресейліктерге жолдаған үндеуінде ол қазіргі жағдай "бізден табанды әрі жедел іс-қимылды талап етеді, Донбасстың халық республикалары Ресейден көмек сұрады" деп мәлімдеді.
Кейінірек РФ Қорғаныс министрлігі Ресейдің Қарулы күштері Украина қалаларына ракеталық, авиациялық немесе артиллериялық соққы жасамағанын атап өтті: дәлдігі жоғары құралдармен әскери аэродромдар, авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, әскери инфрақұрылым істен шығарылды. Министрлік қарапайым халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов
Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.