Үнемшіл Үкіметбасы!  Мектепке керек бейнебақылау сайлауға керек емес...

Шенеуніктер ұсынысы орындалмады

Malim Админ

  • 15.02.2023

Екі күн бұрын Петропавлда  мектепке  пышақ, балтамен қаруланып келген 9-шы сынып оқушысы шабуыл жасап, үш баланы жарақаттаған еді. Кейін оның психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Ал дәрігерлер балаларға операция  жасалғанын  айтып, қазір жағдайлары тұрақты екенін жеткізді.  Білім ордаларында қауіпсіздік мәселесі талайдан бері көтеріліп келеді. Осындай келеңсіз жайттардан соң ғана шенеуніктердің оянатын әдеті. Күні кеше  премьер-министр Әлихан Смайылов министрліктерге арнайы тапсырма берді. Ол   мектептерде бейне камералардың санын көбейтіп, кіреберісте бақылауды күшейту қажет деді. Жалпы, қазір қай салада болмасын, қауіпсіздікті күшейтетін уақыт. Осы ретте бейнекамераларды орнату екібастан керек. Смайылов жиі айтатын ашықтық, әділдік бойынша да аталған жүйенің қажеттігі зор. Әсіресе, алда келе жатқан сайлауда. 

Өткенде депутаттар әр сайлау учаскесіне бейнебақылау қондыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Сол кезде  ғана саяси науқанда бұра тартушылық   болмайды дегенді еске салған.

Бірақ, мектепке камера қоюға құлшынған Премьер-министр үшін  сайлау уческелеріне бейнебақылау қою тиімсіз екен.   Бүгін аталған ұсынысқа қайыра оралған ол сайлау учаскелерінің бәріне видеокамера орнатуды жөн санамады.  Смайылов үшін  экономикалық жағынан «тиімсіз әрі орынсыз» екен.  Оның сөзінше,  «заңға сәйкес азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде ғана дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуға жол беріледі». Әлем елдері Ұлыбритания, АҚШ, Канадалар тәжірибенің тиімсіздігін байқапты-мыс!  Үкімет қаржысын үнемдейтін  бейнекамералар енді мектептерге толықтай жетсе игі... Үнемдеу соңы үйдей пәлеге ұрындырмасын!  

Фото: Б.Бесбаев     

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды