ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Malim Админ

  • 16.09.2024

Президент өкімімен ҚР ҰҚК төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен:


Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», - деп жазылған құжатта.

Сейсембаев Руслан Темірғалиұлы – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері

Білімі: ҚР ҰҚК Академиясы

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

1997-2008 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;

2008-2023 жж. - ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды;

2023 жылғы сәуірден бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.

Асқар Баймерденұлы Әмірханов – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері

Білімі: Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1993 ж.).

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

1995-2004 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;

2004-2022 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.

2023 жылғы сәуірден бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің директоры.

Коллаж: Kazinform/ ҚР ҰҚК

Байланысты жаналықтар

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

24.09.2024

«Байтақ» партиясы мен «Парасат» кәсіпкерлер Альянсы бірікті

24.09.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

23.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық ірі компанияның төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

13.09.2024

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

12.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

11.09.2024
MalimBlocks
Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысына барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды

«Байтақ» партиясы мен «Парасат» кәсіпкерлер Альянсы бірікті

"Байтақ" партиясы төрағасының орынбасары ауысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Қазақстан құрамасы тоғызыншы турда Польшадан басым түсіп, 16 ұпаймен бірінші орынға шыққан

Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық ірі компанияның төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

Кездесуде Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективасы талқыланды

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізуге назар аударды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан сыртқы саясатта бейбітшілікті жақтайды