Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент сайлауына Жигули қатысады

Саясат
Президент сайлауына Жигули қатысады

 «Жер пайдаланушылардың кім екенін жердің нақты иесі -  халық білуі шарт» деп дабыл қағып жүрген агроном ғалым Жигули Дайрабаев  - президенттікке үміткер.  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, алдағы президент сайлауына партия атынан өз кандидаттарын ұсынды.   


Партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты.

«Ауыл» партиясының саяси кеңесі кезектен тыс президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады», - деді Әли Бектаев.

Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу