Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Уиткоффпен ертең кездесетін болды

Әлем •
Путин Уиткоффпен ертең кездесетін болды
Кремль

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуі 2 желтоқсан күні өтетінін айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Иә, ертеңге Уиткоффпен кездесу жоспарланған. Шын мәнінде, ол бұл туралы кеше өзі айтты, — деп жауап берді Песков бұл мәселе бойынша қойылған сұраққа.

Кремль өкілі келіссөздің түстен кейін өтетінін де нақтылады.

— Президент ертеңгі Ресей-Америка байланыстарына дайындық ретінде бүгін бірнеше жеке кездесулер өткізеді, — деп қосты баспасөз хатшысы.

Бұған дейін АҚШ пен Украина делегациялары бейбітшілік жоспары туралы келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу