freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пышақ салған адам 20 жаста. Марқұмның туыстары Алматыдағы қанды оқиға туралы айтты

Құқық
Пышақ салған адам 20 жаста. Марқұмның туыстары Алматыдағы қанды оқиға туралы айтты
Фото: Orda.kz

Алматы қаласының Алатау ауданында 29 сәуірден 30 сәуірге қараған түні жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі кәмелетке толмаған жас қаза тапты. Солардың бірі — 17 жастағы Дінмұхамед Есенгелді, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz cайтына сілтеп. 

Марқұмның әкесінің айтуынша, ол бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқан. Жарақаттан кейін досымен бірге қашпақ болғанымен, жолда құлап, көз жұмған. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Туыстарының сөзінше, Дінмұхамедке Әкежан есімді азамат ұзақ уақыт бойы ақша бопсалап келген. Ол аптасына 5000 теңге талап еткен. Оқиға кезінде екі тараптан бір-бір жас қаза болған.

Анасы баласының қатты қиналып қайтыс болғанын айтып, кінәлілердің ата-анасы кешірім сұрамағанын жеткізді. Оның айтуынша, пышақ салған адам — 20 жаста.

Дінмұхамедтің досы Нариман оқиға кезінде жанында болған. Ол жараланған досына көмектесіп, жедел жәрдем шақырған. Қазіргі таңда Нариман қамауда, бірақ оның нақты статусы әлі анықталмаған.

Қақтығыс компьютер клубында басталып, кейін сыртта жаппай төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде суық қару қолданылып, екі жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан.

Полиция 12 күдіктіні ұстады, олардың жасы 17–18 аралығында. Қылмыстық іс қозғалып, негізгі күдіктілер қамауға алынды. Қалған қатысушылардың әрекеттеріне де құқықтық баға берілмек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу