Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Сұқбат
Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Алматы қаласының маслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлайды.

«Түнде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) айыпталып отыр» - делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.

Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайбергенді Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 24 адамды ұрлап кетті деп айыпталған «Дикий Арман» -  Арман Жұмагелдиевтің жанынан жиі көретін. Қазір «Дикий Арман» тергеу мерзіміне қамауға алынды.

Кейін Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай орын алғанын айтып берген еді.

6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге адамдарды сабырға, арандатуға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың рахмет! – деп жазды депутат.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу