freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңтар оқиғасына қатысты тағы 20 адам ұсталды

Құқық •
Қаңтар оқиғасына қатысты тағы 20 адам ұсталды

Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасына" байланысы бар екендігі анықталған.

"Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жарияланбады. 

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу