Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңтарда шерушілерді азаптаған Күдебаев шетелге қашты

Саясат
Қаңтарда шерушілерді азаптаған Күдебаев шетелге қашты

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев елден қашып кеткен. Бір жылдан бері оны ұстау «мүмкін» болмады. Енді халықаралық іздеу жарияланып отыр.

Бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған.

Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын.  Бұған дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша ауыр азаптауларға қатысты деп танылған. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. Күдебаев ісі былтырдан бері сағызша созылып келді. Ол 2022 жылы 18 ақпанында ішкі істер органдарынан босатылды.

 Бұған дейін Полиция департаментінің экс-басшысы "ауырып қалды" деген желеумен бірнеше рет сотқа келмеді. 30-наурызда  тағы Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтетін болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмей қойды.      

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу