Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында карантин жарияланды

Денсаулық
Қарағанды облысында карантин жарияланды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қырылып, карантинге жабылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шаруа қожалық иелерінің ірі қара малынан қарасан ауруы анықталған. Енді ол жерден малдың өнімі мен етін шығаруға тыйым салынады. 

Қарасан – тек ірі қара малға топырақ арқылы жұғатын бұлшық ет ауруы. Аумақтың ветинспекция мамандары өлекселерден сынама алып зертханаға жолдаған. Сараптама қорытындысы ірі қаралар қарасан жұқтырғанын растаған. 

Карантин енуіне байланысты өлім-жітімге ұшыраған малға, яғни он төрт басқа республикалық бюджеттен нарық бағасы бойынша ақы төленеді. Топырақтағы инфекция малға қауіпті. Төлдерге қауіпті, олар оны көтере алмайды. Үш айлықтан бір жылға дейінгі бұзауларға жұққан, - деді ҚР АШМ Қарағанды облысы ветеринария инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев. 

Қауіпті індетті бірден мал дәрігеріне хабарламағаны үшін шаруа иесі әкімшілік жазаға тартылды. Карантин 14 күнге жалғасады.

Фото: ашық дереккөз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу