Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды зауытындағы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қоғам
Қарағанды зауытындағы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы аясында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.

Оқиға орны тексерілді, жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізілді, техникалық құжаттамамен танысты. Бұл жұмыс облыс басшылығының үнемі бақылауында, деп жазылған әкімдік мәлімдемесінде.

Оқиға дерегі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болғанын жазған едік. Онда кенеттен шыққан жалынның салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы түрлі дәрежеде жарақат алған.

Фото: gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу