Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда 30 келіден астам есірткі тәркіленді

Құқық
Қарағандыда 30 келіден астам есірткі тәркіленді

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады.


Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады прокуратурадан.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында. 

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу