Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарақшылар алматылық тұрғынды байлап, 30 млн-дық мүлкін ұрап кеткен

Құқық
Қарақшылар алматылық тұрғынды байлап, 30 млн-дық мүлкін ұрап кеткен
Видеодан скрин

Алматына 30 миллион теңгенің қарақшылық шабуылы әшкере болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy-на сілтеп Malim.kz хабарлады. 

Алматы қаласында полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген қарақшылық шабуылды «ізін суытпай» ашты.

Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Белгісіз әлдебіреу күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік және ақшалай қаражатты қолды қылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұл қылмыстың ашылуы – іске тартылған барлық бөлімшенің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі. «Заң мен тәртіп» қағидаты біз үшін ұран емес, күнделікті қызметтің басты талабы. Ауыр қылмыстың ешқайсысы жауапсыз қалмайды, ал әрбір жәбірленуші мемлекет пен полицияның өз жағында екеніне сенімді болуы тиіс», – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу