freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарин 1995 жылғы Конституциядағы қателерді тізді

Саясат
Қарин 1995 жылғы Конституциядағы қателерді тізді
видеодан скриншот

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Конституцияның қазақша редакциясындағы калька ұғымдарды атады.

1995 жылы қабылданған Конституцияда кездесетін өрескел қателер, әртүрлі құқықтық шешімдерге жетелейтін терминдер мен тіркестер анықталды. Мысалы, қазіргі Конституцияда «Мемлекеттік Гимн» деп жазылған. Мұны көпшілік «Мемлекеттік Әнұран» деп қолданады. Комиссия мүшелері Конституция жобасына «Мемлекеттік Әнұран» деп енгізуді ұсынды. «Әнұран» – тілімізге әбден енген сөз әрі мағынаны толық береді.  

Сол секілді, «әскерилендірілген құрамалар құруға» сөзі «әскерилендірілген жасақтар құруға» деп өзгертілді. «Құрама» сөзі қазір мүлде басқа мағынада қолданылады. «Жасақ» сөзі норманың мәнін толық ашып тұр, - деді ол.

Сондай-ақ, қолданыстағы Конституцияда «Сайлау тағайындайды» деген сөздің де заң тіліндегі мағынасына назар аударылғанын айтты.

- Сайлау тағайындалмайды, дұрысы – «сайлау өткізу туралы шешім қабылданады». Осы жағдай да ескерілді. 1995 жылы қабылданған Ата заңда «азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады» деген сөйлем бар. Калька аударма екені бірден байқалып тұр. Сондықтан, оны «кешірім беру туралы шешім қабылдайды» деп өзгерту ұсынылды.

«Түбегейлі принциптер» деген тіркес «Негіз құраушы қағидаттар» деп алынды. Мұндай мысалдар өте көп. Бәрін айтып шығу мүмкін емес, - деді Ерлан Қарин.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу