«Қазақмыс» холдингін «Qazaq Stroy» компаниясына (иесі – Нұрлан Артықбаев) сату бойынша негізгі реттеуші келісімдер аяқталған және желтоқсан айында сатып алу-сату келісімшартына қол қойылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Malim.kz exclusive.kz-ке сілтеме жасап.
Бастапқы келісім бойынша мәміленің сомасы, тәуелсіз аудит пен тараптардың өз аудитінің нәтижесінде, $3,85 млрд деп белгіленген.
Айта кетейік, «Қазақмыс» құрамында 37 компания және ірі өндірістік алаңдар бар, олардың көпшілігі жаңартуды қажет етеді. 2026-2045 жылдарға арналған инвестициялар көлемі 3 трлн теңгеден (шамамен $5,5 млрд) астам деп жоспарланған.
Десе де сатылу туралы жаңалық шыққаннан кейін NBK сайтында материал жойылып, қазір 404 қатесімен «Мәтін уақытша мәліметтерді нақтылау үшін жасырылады» деген хабар шықты. Дегенмен ақпарат басқа басылымдар мен Telegram арналарында таралып үлгерді.