Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан ауа сапасы ең нашар жиырма ел тізімінде

Сұқбат
Қазақстан ауа сапасы ең нашар жиырма ел тізімінде

Қазақстан ауа сапасы денсаулыққа қауіпті дәрежедегі аса нашар жиырма елдің тізімінде деп хабарлайды Aqicn.org.  

Осы материал жазылып жатқан уақыттағы мәліметке сәйкес, ауа ластануы деңгейі орташа есеппен 131 баллға бағаланған. Бұл ауа ластану деңгейі “ерекше сезімтал адамдар тобына зиянды” дегенді білдіреді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан (56) мен Өскеменде (69) ауа сапасы қанағаттарлық деп бағаланған, сезімтал топ үшін зиянды деңгейдегі лас ауа деңгейі - Теміртау (90) мен Ақтау (89), барлық халық үшін зиянды деңгейдегі ластану - Шымкент (155) пен Өтеген батыр ауылы (171), денсаулыққа қауіпті, өте лас ауа көрсеткіші - Боралдай (204) пен Алматыда(214) анықталған.

Айта кетейік, аталмыш сайт ауа ластануы деңгейін шынайы уақыт негізінде есептейді. Қазақстандағы ауа ластануының орташа деңгейі жарты сағат ішінде он пункт бойынша жоғарылап кеткен. Ал эколог-белсенді Павел Александров берген мәліметке сәйкес, содан бір күн бұрын Қазақстан ауа деңгейі ең лас елдер үштігінде болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу