freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Иран екіжақты серіктестікті күшейтуге ниетті

Саясат
Қазақстан мен Иран екіжақты серіктестікті күшейтуге ниетті
Фото: СІМ

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігін растады.

Сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ барлық деңгейлерде тұрақты диалогты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай да талқыланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу