Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жүлдені ел қоржынына Ербол Хамитов салды. Ол шаңғы жарысында (отырып жарысу) үздік үштікке енді.
Қазақстандық спортшы спринтте үшінші орын алды. Хамитов 2:29.9 уақытта мәреге жетті.
Қытайлық Цзысюй Лю жарыс жеңімпазы атанды - 2:28.9. Ал бразилиялық Кристиан Вестемайер 2:29.6 уақыт нәтижесімен екінші орын алды.