freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Таяу Шығысқа әскер жібере ме?

Құқық
Қазақстан Таяу Шығысқа әскер жібере ме?
Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз қосылды. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары – ерікті жарна және мүшелік шарты болып саналмайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы еліміздің ұлттық мүдделеріне толық сәйкес келеді және диалогты дамытуға, халықаралық қауіпсіздікті қолдауға, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саясатымыздың стратегиялық бағытымен үйлеседі.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы нақты әрі жедел нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзекті қадам ретінде бағалады. Президентіміз атап өткендей, бейбітшілік мазмұнсыз декларациялар арқылы емес, нақты іс-қимылдар арқылы орнығуы тиіс. Қаржыландыру мәселесіне келсек, Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз қосылды. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна – мүшелік шарты болып табылмайды, бұл әрбір қатысушының дербес құқығы, — деді Ерлан Жетібаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, ресми өкіл БАҚ-та әскери контингент жіберу мәселелері талқыланып жатқанын, бұл ретте тек ресми дереккөзге сүйену керегін айтты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, далалық госпиталі бар медициналық бөлімшелерді, сондай-ақ азаматтық әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Яғни операцияның тек гуманитарлық құрамдас бөлігі туралы айтылып отыр. Жолдау туралы шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң қабылданады, — деді ол.

Бұдан бөлек, Қазақстан гуманитарлық азық-түлік жіберуге, палестиналық студенттер үшін Қазақстан ЖОО-ында 5 жыл мерзімге 500 білім грантын бөлуге, электронды үкімет саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу