Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан халқының саны бір жылда 231 мың адамға өсті

Қоғам
Қазақстан халқының саны бір жылда 231 мың адамға өсті

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бюро мәліметіне сәйкес, 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 231 478 адамға өсті. Табиғи өсім 217 133 адам болса, көші-қон сальдосы 14 345 адам болған.

Қазақстанда миллионнан аса тұрғыны бар үш қала бар:

Алматы (2 286 328 адам),
Астана (1 520 756 адам),
Шымкент (1 253 280 адам).
Сондай-ақ, халқы миллионнан асатын облыстар: Түркістан облысы (2 154 304 адам), Алматы облысы (1 557 932 адам), Жамбыл облысы (1 222 411 адам) және Қарағанды облысы (1 134 002 адам).

Қазақстандықтардың көпшілігі қалаларда тұрады: 12 629 615 адам. Ауылдық жерлерде 7 519 966 адам өмір сүреді.

Фото: Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу